Жаңа қазақстандық патриотизм

«Нұр Отан» ХДП елордалық «Бірлік» филиалында ҚР Президентінің Жолдауын талқылады

Бүгін ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында «Нұр Отан» ХДП елордалық «Бірлік» филиалының партиялық активі үшін семинар өткізілді.
Астана қаласы26 Желтоксан , 00:00

Мемлекеттік басқару академиясынан хабарлағанындай, іс-шара Қазақстан Республикасының Президенті – Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан – 2050» Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауының негізгі тарауларын талқылауға арналды. Семинар жұмысына Астана қаласының түрлі деңгейдегі мемлекеттік органдарының өкілдері болып табылатын 50-ге тарта нұротандық қатысты. 

Аталған семинар ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы басшылығының бастамасымен «Нұр Отан» ХДП елордалық «Бірлік» филиалы партиялық активі мүшелерінің біліктілігін арттыру мақсатында өткізілді. 




Яндекс.Метрика