Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Автопромы 2020 жылға қарай 300 мыңға дейін автомобиль өндіруді жоспарлады - Ә.Исекешев

2020 жылға қарай Қазақстандағы автомобиль өндірісі жылына 300 мың бірлікке жетуі мүмкін, деп хабарлады бүгін Премьер-Министрдің орынбасары - индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев Үкімет отырысында.
Казахстан30 Сәуір , 00:00
«2020 жылға қарай 300 мың автомобильге дейінгі өндіріс көлеміне шығу күтілуде», - деді Ә.Исекешев.

Вице-премьер 2010 жылға қарағанда автомобиль жасау саласындағы өндіріс көлемдерінің алты есе өсуін атап өтті, ішкі өндіріс 19 мың бірлікті құрады. 
«Автомобиль кластерлерін Өскемен және Қостанайда қалыптастыру жүргізілуде. Қазақстанда бұрын болмаған жаңа сала құрылған», - деп атап өтті Ә.Исекешев.
 
Оған қоса, ол ауыл шаруашылық машина жасау секторындағы өндіріс көлемдерінің артуын атап өтті. 
 
Осылайша, ведомство мәліметі бойынша, 2010 жылдан бастап ауыл шаруашылық техникасын өндіру көлемдерінің 2,6 есеге артуы байқалып отыр, ақшалай - 8-ден 21 млрд. теңгеге дейін, тракторлар мен астық жинау комбайндары өндірісін қосқанда.



Яндекс.Метрика