Евразиялық одақ

Ю. Царик: ЕАЭО – бұл интеграция ғана емес, ірі жобаларды жүзеге асырудағы еуразиялық даму

Бұл тек қана интеграция емес, сонымен қатар ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға байланысты еуразиялық даму болуы керек. Бұл туралы Стратегиялық және сыртқы саясат зерттеулері орталығы бақылау кеңесінің төрағасы Юрий Царик (Минск) мәлімдеді.
Әлемде 28 Мамыр, 15:23

«Беларусь үшін еуразиялық интеграцияға қатысу бірыңғай елден шыққан Ресей мен Қазақстанмен ортақ тарихи мұрасына айналған таңдауы ғана емес, сонымен қатар прагматикалық таңдау мәселесіне де байланысты. Демек Кедендік одаққа қосылу мәселесі, Бірыңғай экономикалық кеңістікке қатысуға да байланысты. Сөзсіз, кей жерлерде айырбас болса, енді бір жерлерде біз жеңіл көліктер импортының баж салығын салуда біз шегініске де бардық. Алайда белгілі бір деңгейде пайдаға да кенелдік. Бұл процесс (ЕАЭО құру туралы келісімге қол қою) барынша позитивті, құрылымдық және өзге процестерді құру барысына қарағанда барынша пайдалы», - дейді Ю.Царик. 

Алайда, оның айтуынша, осы аспектіден тәуелсіз Беларусь интеграциялық құрылымнан барынша мол пайда көру жолында айтарлықтай шаралар қабылдауда.

«Атап айтар бослақ ол Ресей мен Беларусь арасындағы сауда айналымы. Бұл көрсеткіш өткен жылғымен салыстырғанда айтарлықтай төмендеп кетті. Мәселе онда емес, тек Ресеймен Беларусь өндірістік тауары тасымалы экспорты да төмендеді. Алайда біз Ресейге экспорт көлемін азайта отырып Беларусьтің жалпы сыртқы сауда қатынасының жағымсыз жақтарын да азайта алдық», - дейді ол.

Оның пікірінше, бірінші кезекте бұл қатысушы мемлекеттердің жалпы нарығын кеңейту, соның ішінде өндірушілер үшін жаңа нарық пен жаңа инвестициялық мүмкіндіктер.

«Ең бастысы ЕАЭО келісімін құру өте құрылымдық қадам ретінде көрініп отыр. Осыған орай инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру күтілуде.  Атап айтар болсақ,  Армения, Грузия елдерімен интеграцияны қарастыру аяқталуда. Демек бұл тек қана интеграция емес, сонымен қатар ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға байланысты еуразиялық даму болуы керек. Әсіресе Орта Азия мен Кавказда сұранысқа ие жобалар», - дейді. 

Мадина Нұрбекова

Фото-Азамат Алиев 





Яндекс.Метрика