Евразиялық одақ

ЕАЭО құру туралы келісімнің дайындық деңгейі жоғары

Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы келiсiмшарттың дайындық деңгейi жоғары. Бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссияның Дамыту және интеграция департаментi халықаралық қарым-қатынас бөлiмiнің басшысы Антон Азаров мәлiмдедi.
Әлемде28 Мамыр , 14:52

«Келісімнің (Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы) дайындық деңгейі жеткілікті дәрежеде жоғары. Соңғы кездері айтарлықтай жұмыстар атқарылды. Кедендік одақ, Бірыңғай экономикалық кеңістік елдері мемлекет басшыларының алға қойған тапсырмаларын шешуде. Ешбір кедергісіз келісім құрылатын болады. Оның институцияналдық және қызметтік бөлімдері дайын», - дейді А.Азаров.

Айта кетейік, құжатқа қол қойғаннан кейін 29 мамырда бірқатар мәселелерді талқылау жалғаса бермек.

А.Азаровтың айтуынша, маңызды тауарларды еркін тасымалдауға байланысты мәселелерді талқылау керек. Атап айтар болсақ, олар мұнай, газ, мұнай өнімдері, дәрі-дәрмек пен өзге де тауарлар. Тараптар осынау мәселелерді ары қарай пісіре түспекші.

«Жалпы, мұндай маңызды құжаттың оп-оңай дайындала салуы да мүмкін емес. Еуразиялық комиссия тарапынан да аталмыш мәселені жеделдету жолында бірқатар жұмыстар атқарылды», - дейді А.Азаров. 

Мадина Нұрбекова 




Яндекс.Метрика