Перспективалы ұлттық кластерлерді қалыптастыратын жол картасы

Өңірлік даму министрлігі БЖК аясында ШОБ жобаларын қолдауға көңіл бөлуді ұсынады

Қазақстанда ағымдағы жылдың қазан айында Үкіметтің қарауына «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасына төртінші өзгерістер пакеті ұсынылады. Онда шағын және орта бизнес жобаларын қолдауға назар аударылады, деп мәлімдеді Өңірлік даму министрінің бірінші орынбасары Қайрат Өскенбаев Үкімет отырысында сөйлеген сөзінде.
Казахстан20 Тамыз , 00:00

«Соңғы екі жылда Бағдарламаға 3 өзгерістер пакеті енгізілді. Кезекте 4 өзгерістер пакеті тұр... 3 және 4 өзгерістер пакеттерінде шағын және орта бизнес жобаларын және шағын жобаларды қолдауға баса назар аударылады... Бұл өзгерістер пакеті Үкімет қарауына ағымдағы жылдың қазанында ұынылады», - дейді Қ.Өскенбаев.

Сонымен қатар оның айтуынша, БЖК-2020 бағдарламасына енгізілетін бұл өзгерістер кәсіпкерлер мен кәсіпкерлік әлеуеті бар тұлғаларды кең көлемде мемлекеттік қолдауға мүмкіндік береді.

Жалпы, өзгерістер аясында 750 млн. теңгеден жоғары ірі жобаларға арналған бағдарламаларға қатысу бойынша шарттарды нақтылау ескерілген, олар алдағы уақытта жаңа жұмыс орындарын ашудың қосымша талаптарға сәйкесуі және салық аударымдары өсімін қамтамасыз етуі тиіс.

Сонымен қатар, құны 60 млн. теңгеге дейінгі жобаларды қарау тәртібі жеңілдетіледі, олар ӨҮК арқылы өтпейді.

Атап өтер жағдай, жаңа бизнес-идеялары үшін грант алуға өтініш білдірген жаңа кәсіпкерлерге қатысу мөлшері бойынша талаптар азайтылады.

Сонымен бірге, кәсіпкерлерді инфрақұрылымдық қолдау механизмдерін нақтылау және өңірлік үйлестіру кеңестері арқылы жобаларды қарау рәсімдерін оңтайландыру ескерілген.

Бұған қоса, жаңа өзгерістер пакетінде «БЖК-2020» бағдарламасының құралдары арқылы индустриалдық аймақтарды, сондай-ақ ӘКК жобаларын дамыту бойынша негізгі тәсілдер мен шаралар ескерілген.
 




Яндекс.Метрика