Түгел қамтитын экономикалық прагматизм

Қазақстан дамудың әлемдік даму трендінде

Түрлі рейтингттік агенттіктер тұрақты мемлекеттер жүргізген реформа мен өмір сүру саласының жақсы және жаман жақтарын бағалайтын зерттеулері дүниежүзі мемлекеттерінің үкіметтері мен инвесторларының жіті бақылауында.
Әлемде06 Тамыз , 00:00

Бұлар: «Дағдарыстан кейінгі әлем» қоры өткізген «Перспектива-2050: әлемнің жаңа экономикалық саяси картасы» зерттеуі 2009 жылдан бері жүргізілуде. Жыл сайын түрлі тақырыптар таңдалынып алынады.  «Бұрынғы КСРО елдері: үкіметтердің дағдарысқа қарсы шаралары», «Дағдарыстан кейінгі қаржы құрылыс: шешімдер тиімділігі», «Дағдарыстан кейінгі моделдер: жаһандық соғыс немесе ортақ келісім», «Еуропаны қайта құру. Бәсекелестік. Қауіпсіздік. Экспансия», «XXI бейбіт мақсаттағы атом: геосаясат, қауіпсіздік, жаңа энергетика».

Биылғы  «Перспектива-2050: әлемнің жаңа экономикалық саяси картасы» есебі 63 елдің 303 сарапшысы қатысқан халықаралық сараптық зерттеу қорытындысы еді. Сарапшылар құрамына экономистер, қаржыгерлер, қаржы талдаушылары, компания иелері мен топ менеджерлері, экономикалық және саяси тақырыпта жазатын журналистер, қоғамдық, гуманитарлық және жаратылыстану ғалымлдары, саясаткерлер мен қайраткерлер кірді.

Мақсат - отыз дамыған елдің қатарына кіру

Естеріңізге сала кетсек, Қазақстан Президенті халыққа Жолдауында атап көрсеткен «2006 жылдың 1 мамырынан бастап әлемнің дамыған 50 елінің қатарына Қазақстанның кіру стратегиясы» бойынша Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің алдында жаңа міндет – әлемдік бесекеге қабылетті мемлекеттер рейтингісінде 30 орынға көтерілуде тапсырды. 

Бұған дейін біз 50-ші орынға көтерілуде мақсат етіп алғанда бұл межеге жету қиын секілді көрінген. Алайда тәуелсіздік жылдары Дүниежүзілік экономикалық форум 1979 жылдан бері жүргізетін беделді рейтингте еліміз 109-шы (90-шы жылдары) орынан 51-ші орынға дейін көтерілді (2012 жылдың қорытындысы бойынша).

Сонымен қатар, «Бизнес жүргізу» рейтингісінің де беделі жоғары (Doing Business). Бұл Дүниежүзілік банкі мен Халықаралық қаржы корпорациясының (IFC) 2003 жылы бастаған жаһандық жобасы. Егер бұл тізімде 2007 жылы еліміз 11 көрсеткіш бойынша мемлекеттер рейтингісінде 80 орында болса, 2008 – 70, 2009 – 63, 2010 – 59, 2011 жылы жайлы іскерлік орта қалыптастыру бойынша 47 орын алды. Ал, «Doing Business-2013» нәтижесінде  Қазақстан 49 орынға көтерілді.

Өздеріңізге белгілі елдің рейтингісі жоғары болған сайын оған халықаралық инвесторларды тарту оңай екені белгілі. Республика жедел реформалар арқасында халықаралық аренда беделі артып келеді.

Әлемдік рейтинг агенттіктері мойындаған «Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі» (Global Competitiveness Index, GCI) 2012-2013 бойынша есебіне сенсек, Қазақстан 21 орынға көтеріліп, 51 орынға тұрақтады. Бұл елдегі кеден саласын реформалаудың арқасында. «Кедендік процедуралар жеңілдігі» көрсеткіші бойынша еліміз 25 орынға көтеріліп 77 орынға тұрақтады.

GCI есебін Швейцарияда штаб пәтері орналасқан «Дүниежүзілік экономикалық форум» үкіметтік емес ұйымы түзеді. ДЭФ мерзімдік экономикалық және саяси қорытындыларын жариялап тұрады.

Екіншіден, осыдан беделі кем емес Дүниежүзілік банкінің USAID-тің Орта Азиядағы сауда-саттықты либералдау және кедендік реформасымен (RTLC) бірлесіп жүргізген зерттеуінің «Логистика тиімділігі индексі» бағалауында 2012 жылы тізімдегі 155 мемлекетті ішінде Қазақстан 86-шы орында.




Яндекс.Метрика