Бюджет саясаты

Қызылорда облысының бюджеті 10,5 млрд теңгеге артты

Қызылорда облысының бюджеті 10,5 млрд теңгеге артты. Бұл туралы Қызылорда облысының әкімі Болатбек Қуандықов хабарлады.
Қызылорда26 Желтоксан , 00:00

«Облыстық мәслихаттың кезекті сессиясында 2013-2015 жылдарға арналған облыстың бюджеті қабылданды. Онда әлеуметтік сала мен аймақтың өзекті мәселелерін шешуге айтарлықтай қаржы қарастырылған. Республикалық трансфермен қоса есептегенде 2013 жылғы облыс бюджеті 122,2 млрд теңге көлемінде бекітілді, бұл 2012 жылғы бюджетпен салыстырғанда 10,5 млрд теңгеге артық», деді облыс әкімі.

«Келесі жылғы бюджеттің шығыс бөлігінде ҚР Президентінің Жолдауында көрсетілген тапсырмаларды орындауға қаржы қарастырылған. 2013 жылғы да әлеуметтік салаға бюджет қаржысының 45,3% жұмсалады», деп көрсетті аймақ басшысы. 




Дерекнама

Яндекс.Метрика