ҚР ИИДМБ

Ақтөбеде кварцтан жасанды тас өндіретін зауыт іске қосылды

Қазақстанның индустрияландыру күні Ақтөбеде кварцтан жасанды тас өндірумен айналысатын зауыт салтанатты түрде іске қосылды.
Ақтөбе26 Желтоксан , 00:00

«Фирмы Бекарыс» ЖШС зауытының өндірістік қуаты жылына 84 мың шаршы метр әртүрлі жасанды тасты құрайды. Жобаның құны 247 млн теңге. Жаңа нысанда 22 тұрақты жұмыс орны ашылды. Өндіріс қытайлық жетекші «Рустон» компаниясының құрал-жабдығын қолдану арқылы «Bretonstone» фирмасының итальяндық технологиясына негізделген.
Қазақстанда теңдесі жоқ заманауи зауыт болашақта дайын өнімді Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарына жеткізуді жоспарлап отыр.
«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша жобаға мемлекеттік қолдау көрсетілді. Несие жеңілдікпен берілді, электр қуатын беретін желілер орнатылды, автожолдар жөнделді.
«2010-2011 жылдары Ақтөбе облысында 183,8 млрд теңге сомасына 51 жаңа өнеркәсіп нысаны пайдалануға берілді, 4 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды. Ағымдағы жылы жалпы құны 4,5 млрд теңгеге жететін 13 жоба іске асты. 451 жұмыс орны ашылды», - деп атап өтті зауыт таныстырылымында Ақтөбе қаласының әкімі Ерхан Омаров.




Яндекс.Метрика