Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы

2013 жылы ҮИИД МБ 140 жобасын пайдалануға беру жоспарланған - ИЖТМ

Қазақстанда 2013 жылға 560 млрд теңгеге 140 жобаны пайдалануға беру жоспарланған, деп хабарлады бүгін Премьер-Министрдің орынбасары - индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев Үкімет отырысында.
Казахстан30 Сәуір , 00:00
«2013 жылы 560 млрд теңге болатын 140 жобаны пайдалануға беру жоспарланған, 13 мың жаңа тұрақты жұмыс орындарын құрумен қатар», - деді Ә.Исекешев.
 
Сонымен қатар, ол 2,4 трлн теңге сомаға 6 ірі жоба бойынша құрылыс жоспарланғанын атап өтті.
 
ИЖТМ мәліметі бойынша ағымдағы жылы Индустрияландыру картасының жобалары бойынша құрылыс-жөндеу жұмыстарында барлығы 78 мың жұмыс орны іске қосылады.

Индустрия министрлігінің басшысы ағымдағы жылы «жоспарлы қуаттылық» ұғымы енгенін мәлімдеді,  - Индустрияландыру картасы шеңберінде енгізілген кәсіпорындарды жүктеудің объективтік бақылауын жүргізуге мүмкіндік беретін өнім шығарудың өндіріс жоспары.   
 
Бұдан өзге, 2013 жылдың екінші тоқсанынан бастап жобалар бойынша бақылау электрондық тасымалдаушылар негізінде Жоба офисі арқылы жүргізіледі. 



Яндекс.Метрика