Түгел қамтитын экономикалық прагматизм

Қазақстанның болашақта беделі арта түседі – Екатерина Шипова

Бүгін өткен «Песрпектива-2050» баяндамасының таныстырылымына арналған дөңгелек үстел барысында «Дағдарыстан кейінгі әлем» қорының директоры Екатерина Шипова осылай деп мәлімдеді.
Казахстан22 Маусым , 00:00

«Әлемдік деңгейде өз беделін жоғалтуы мүмкін және жетістікке қол жеткізуге үміткер мемлекеттер бар. Өз ықпалын жоғалтуы мүмкін елдер арасында, өкінішке орай Ресей бар. Ал жетістікке үміткерлердің арасында Қазақстан бар. Сонымен қатар, жеттістікке үміткерлердің арасында Еуропадан тек қана Польшаның болуы қызықты жайт. Қалғандарына келетін болсақ, олар Латын Америкасы, Азия мен Африкадан. Яғни, дамушы мемлекеттер», - деді Шипова.

Оның айтуынша, мемлекеттердің өз беделін төмендетіп алуына әлемдегі өзгерген трендтерді түсінбеушілік пен икемділіктің жетіспеушілігі болып отыр.

«Елдің әлемдік беделінің артуына  индустриалдану, ішкі саяси тұрақтылыққа қатысты мәселелердің шешілуі, ал ислам мемлекеттері үшін діннің экономикаға әсерін төмендету өз септігін тигізетін болады», - дейді сарапшы.




Яндекс.Метрика