Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы

ҮИИД МБ жүзеге асыру мәселелері ертең ҚР Үкіметі отырысында қаралады

Ертең, 30 сәуірде Үкімет отырысында Үдемелі индустриялды-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасын (ҮИИД МБ) жүзеге асыру мәселелері қаралады, сонымен бірге өткен жылу беру маусымының қортындылары жарияланады, деп хабарлады бүгін баспасөз мәслихатында Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев.
Казахстан29 Сәуір , 00:00
«Үкімет отырысында еліміздің индустриялды-инновациялық даму мәселелері қаралады. ҮИИД МБ жүзеге асыру барысы туралы Премьер-Министрдің орынбасары - индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев, «Самұрық- Казына» ҰӘҚ басқармасының төрағасы Қуандық Бішімбаев, «Атамекен» одағы» ҚҰЭП басқармасының төрағасы Абылай Мырзахметов мәлімдейді», - деді А.Әбибуллаев. 

  

2012-2013 жылдардың жылу беру маусымының өту қортындылары және келесі жылу беру маусымына дайындық туралы ҚР индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Б.Жақсалиев пен ҚР өңірлік даму бірінші вице-министрі К.Өскенбаев баяндайды.



Яндекс.Метрика