Экономикалық және сауда дипломатиясын дамыту

2013 жылдың І жартыжылдығында Қазақстан мен Индонезия арасындағы тауар айналымы 150,5 млн долларға жетті

2013 жылдың І жартыжылдығындағы қорытынды бойынша Қазақстан мен Индонезия арасындағы тауар айналымы 150,5 млн. доллардан асты. Бұл туралы Джакартада өткен екі ел арасындағы үкіметаралық комиссияның бірінші отырысында Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев мәлімдеді.
Казахстан21 Тамыз , 00:00

«2013 жыдың І жартыжылдығында екі ел арасындағы тауар айналымы 150,5 млн. долларға жетіп, 2012 жылғы көрсеткіштен 3 есе асып түсті», - дейді Ерболат Досаев.

Министрдің айтуынша, Қазақстан мен Индонезия арасындағы тауар айналымының көлемі 2010 жылы 23 млн., 2011 жылы 35,1 млн., ал 2012 жылы 57,3 млн. доллар болған.

Экономика министрлігінің ақпаратына сүйенсек, мәжілісте Қазақстан мен Индонезия арасында тікелей әуе рейстерін ашу, бірлескен жоғары технологиялық кәсіпорындар ашу, болашақта Қазақстан бидайы мен одан өңделген өнімдерді экспорттау, сондай-ақ инвестиция, «жасыл» экономика салаларындағы ынтымақтастық және жаңартылатын қуат көздерін, туризмді дамыту мәселелері талқыланады.




Яндекс.Метрика