Түгел қамтитын экономикалық прагматизм

Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан – 2050» Стратегиясының үштұғырлы мақсатын атады

Қазақстан әлемдік экономиканың технологиялық жұмыспен қамтылуына қалай қатысатынын нақты белгілеп алуы тиіс. Бұл жөнінде бүгін Жалпыұлттық телекөпір және «Алтын сапа» жүлдесін тапсыру салтанатында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді.
Астана қаласы25 Желтоксан , 00:00

Мемлекет басшысы елдің инновациялық дамуының басымды бағыттарын айқындады. Оның айтуынша, өзара байланысты негізгі үш фактор Қазақстан үшін баламасыз боп табылады. «Біріншіден, елімізге нақты табыс әкеліп отырған қазіргі индустрияны қолдау. Бұл барлық өндірісті кейінге ысырып, жаңасымен айналысамыз дегенді білдірмейді. Жұмыс істеп тұрғанын одан әрі жетілдірілу керек», деді Н.Назарбаев.

Мемлекет басшысы екінші бағыт ретінде ұлттық экономиканы әртараптандыру және үздіксіз жаңартып отыру қажеттігін айтты. 

Үшінші, қорытынды бағыт еліміздің индустриялдық дамуының келесі қадамы ретінде жаңа инновациялық қорды қалыптастыру.

«Қазақстан-2050» Стратегиясына сәйкес, алдағы он жылдықта еліміздің экономикасын дамытудың үштұғырлы мақсаты осы. Оны жүзеге асырудың негізгі жолы кластерлік тәсіл болуы керек», - деп түйді Президент.  




Яндекс.Метрика