Үкімет

ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов Беларуссия үшін шайқастарда мерт болған қазақстандық жауынгерлерге тағзым етті

Бүгін Минскіде ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов Беларусь Республикасына жасаған ресми сапары барысында Ұлы Отан соғысында қаза тапқандарға тағзым етіп, Беларуссия үшін шайқастарда мерт болған Қазақстандық жауынгерлер стеласына гүл шоқтарын қойды.
Әлемде26 Сәуір , 00:00
С.Ахметов сондай-ақ «БЕЛАЗ» ААҚ-на барып, ауыр жүк машиналарын жасау технологияларымен танысып, кен тасымалдайтын өзі түсіргіш көліктер, жол-құрылыс техникалары, тау-кен саласына арналған машиналардың жаңа үлгілерін көрді.

Зауытта болғанда кен тасымалдайтын өзі түсіргіш ауыр жүк көліктерін құрастыру мен оларға қажетті бөлшек саймандар шығару бойынша «ҚазБелАз» бірлескен Қазақстан-Беларусь кәсіпорнын дамыту перспективалары талқыланды. 

Ресми сапар аясында ҚР Премьер-Министрі Брест облысына барды. С.Ахметов жергілікті агроөнеркәсіптік кешеннің кәсіпорындарында болып, «Остромечево» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің жұмысымен танысты.



Яндекс.Метрика