ҚР Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы

«Кәсіпқор» Холдингі Атыраудағы АPEC Petrotechnic колледжіне оқуға түсуге шақырады

Бүгінгі күннен бастап «Кәсіпқор» Холдингі» коммерциялық емес акционерлік қоғам (КЕАҚ) АPEC Petrotechnic өңіраралық колледіне түсу ережелерімен таныстыру үшін Астанадағы мектеп оқушыларымен кездесу өткізеді, деп хабарлайды «2050 Стратегиясы» ресми сайты.
Атырау15 Сәуір , 00:00

APEC Petrotechnic (Atyrau Petroleum Education Center) – Атыраудағы мұнай-газ саласының қызметкерлеріне арналған өңіраралық кәсіби орталық. Өңіраралық оқу орталығының басты ерекшілігі жаңа білім беру бағдарламаларының қолданылуында. Бұл бағдарламалар халықаралық әріптесі – канадалық Оңтүстік Альберта Технологиялық институтымен (SAIT Polytechnic) бірге әзірленген. APEC Petrotechnic-те әлемнің жетекші оқу орындарында біліктіліктерін арттырған шетелдік мамандар мен жергілікті оқытушылар білім береді. Бұл Қазақстанда және шетелде іске асатын мұнайгаз саласындағы ірі жобаларға қатыса алатын мамандарды дайындауға мүмкіндік береді. Оқу орнының түлектері қазақстандық диплом мен канадалық Оңтүстік Альберта Технологиялық институтының дипломын алады.

APEC Petrotechnic-ке тарту бойынша оқушы жастарға арналған брифингтер Астанада небәрі 2 күн – 15-16 сәуірде ғана өтеді. Бүгін «Кәсіпқор» Холдингінің өкілдері елордадағы №52 мектеп-гимназияның болашақ түлектерімен кездесті. Мектеп директоры Ұлболсын Байтасованың айтуынша, осы жылы оқу орнын 300 оқушы бітіреді және олардың көбісі Атырауда оқуды армандайды.

Кезекті брифинг ертең Астана Политехникалық колледжінде сағат 10:00-де басталады. Толығырақ ақпаратты Холдинг «Кәсіпқор» КЕАҚ-ның www.kasipkor.kz сайтынан таба аласыз. 




Яндекс.Метрика