Білім беру саласындағы жұмыстың басымдықтары

Қазақстан Президенті бизнес, университеттер мен мемлекеттің өзара әрекеттестік серпінін қалыптастыруды тапсырды

Қазақстанда бизнес, университеттер мен мемлекет арасында өзара әрекеттестіктің үш деңгейлі серпінін қалптастыру қажет. Бұл туралы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Жалпыұлттық телекөпір соңында мәлімдеді.
Астана қаласы25 Желтоксан , 00:00

«Бүгін көптеген дамыған елдерде инновациялық кластерлер белсенді түрде қалыптаса бастады. Біз сіздермен осы жылдары үйреніп қалғандай өсімнің негізгі драйверлері өнеркәсіп кәсіпорындары емес, инновациялар және білім орталықтары, университеттер мен технологиялық, инженерлік ұйымдар болмақ. Осылай үш деңгейлі серпін құрылады. Оған бизнес, университеттер мен мемлекет қатынасады. Қазақстанда осындай серпін құру керек, біз бұнымен бұрын айналысқан емеспіз, бұл жаңа сала. Біз осы жаңалықты игеруіміз керек», - деді Н.Назарбаев.

«Сондықтан алда өте маңызды, күрделі міндет тұр. Ол кластерлік дамудың жаңа ұйымдық рәсімделуі. Бастапқыда біз ілкі кластерді анықтадық, қазір халықаралық тәжірибе мен біздің тәжірибемізді ескере отырып, кластерлік саясатты түбегейлі реттеуіміз керек», - деп тапсырды Мемлекет басшысы.




Дерекнама

Яндекс.Метрика