ҚР ИИДМБ

«Бәйтерек» холдингі ҮИИД бағдарламасын қаржыландырудың жаңа моделiн әзірлеуде

«Бәйтерек» холдингі ҮИИД бағдарламасын қаржыландырудың жаңа моделiн әзірлеуде. Бұл туралы бүгiн «Атамекен Форумы» пiкiрталас клубының III отырысы барысында «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ басқарма төрағасы Қуандық Бишiмбаев мәлiмдедi.
Казахстан22 Тамыз , 00:00

Қуандық Бишiмбаевтың айтуынша, «Бәйтерек» холдингi басты басымдықты Үдемелi индустриялдық-инновациялық даму мемлекеттiк бағдарламасына танытып отыр. Холдингке жаңа бес жылдықтағы индустриялдық-инновациялық дамуды қаржыландыруға арналған жаңа қаржы моделiн жасау жүктелген.

«Аталмыш жұмысқа мықты сарапшылар жұмылдырылып, олармен бiрлесе ауқымды жұмыстар жүргiзiлуде», – деп атап өткен холдинг басшысы жүргiзiлiп жатқан жұмыстарға нақты тоқталды.

«Жоба 4 модульден құрылатын болады. Бiрiншi модульде бiз Қазақстанның қаржы жүйесiндегi мәселелерiн бағалайтын боламыз», – дедi ол.

«Екiншi модуль әлеуеттi қаржы институттарына баға беру жұмысына жауап бермек. Яғни, олардың сапалық және сандық құрылымы, ұзақ мерзiмдi қаражат, экономиканың өсiмiн, өңдеушi сектордың дамуын, макрокөрсеткiштердiң және ҮИИДБ-ның жаңа мiндеттерiнiң орындалуын қамтамасыз ететiн несиелiк қаржы мен оған қажеттi капитал мәселелерi қамтылмақ», – деп тоқталды Қ.Бишiмбаев.

Оның айтуынша, бұл мақсатта «Атамекен» Одағы» ұлттық палатасымен белсендi жұмыс жүргiзiлуде.

Жобаның үшiншi модулi қажеттi қаржы ресурстарының көзін анықтап, оның мемлекеттiк институттар мен жеке инстутитуттардан қандай көлемде тартылуын айқындайтын болмақ.
«Бiз 2013 жылдың төртiншi тоқсанында бiздiң стратегиямыз бойынша жұмыстарды аяқтауға тиіспіз», – деп түйiндедi ол.  




Яндекс.Метрика