Өңірлер

Кез келген адам өз бизнесін онлайн-режим бойынша бір күннің ішінде аша алады

ҚР Президенті жанындағы кәсіпкерлер отырысында Мемлекет басшысы кез келген адам өз бизнесін онлайн-режим бойынша бір күннің ішінде аша алатындығын айтты.
Астана қаласы30 Сәуір , 16:14

«Бизнестің жол картасына сәйкес 3 мыңдай кәсіпкерлік жобаға субсидия бөлінген. 409 кәсіпорынға инженерлік инфрақұрылым жүргізілген. Бұл жұмыстың құны – 78 миллиард теңге. Алғашқы үш жылдағы жұмыс мерзімінде кәсіпкерлік құрылымдарды тексеруге заңнамалық тыйым салынған. Қазақстан бизнестің ашықтығы мен оны жүргізу үшін жеңілдетілген жағдай туғызу жөніндегі реформалардың көшбасшысы болып саналады», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы қазіргі таңда кез келген адам өз бизнесін үйден шықпай отырып аша алатындығын атап өтті, яғни ол үшін жағдай жасалды.

Жеке кәсіпкерлер үшін де жеке бизнес құрылым ашылған, бұл жыл сайын кәсіпкерлердің бес млн  теңгесін үнемдейді. Презиленттің айтуынша, кәсіпті қолдаудың тағы бір көрсеткіші Бірыңғай экономикалық кеңістік аясында Дүниежүзілік сауда нарығына қатысу.
 
 
 
 




Яндекс.Метрика