ҚР Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы

Атырауда әлемдік деңгейдегі мұнай колледжі ашылды

Атырауда APEC Petrotechnic (Atyrau Petroleum Education Center) – мұнайгаз саласының қызметкерлеріне арналған өңіраралық кәсіби орталық ашылды. Бұл Қазақстанда теңдесі жоқ әлемдік деңгейдегі колледж саналады.
Атырау12 Наурыз , 00:00

Мұнайгаз саласында кадрларды дайындауға бағытталған жаңа оқу орны жоғары сапалы білім береді.
Атыраудағы Өңіраралық оқу орталығының басты ерекшілігі жаңа білім беру бағдарламаларының қолданылуында. Бұл бағдарламалар халықаралық әріптесі – канадалық Оңтүстік Альберта Технологиялық институтымен (SAIT Polytechnic) бірге әзірленген. 
APEC Petrotechnic-те әлемнің жетекші оқу орындарында біліктіліктерін арттырған шетелдік мамандар мен жергілікті оқытушылар білім береді. Бұл Қазақстанда және шетелде іске асатын мұнайгаз саласындағы ірі жобаларға қатыса алатын мамандарды дайындауға мүмкіндік береді. 
Оқу орнының түлектері қазақстандық диплом мен канадалық Оңтүстік Альберта Технологиялық институтының дипломын алады.
Болашақта осындай орталықтар Өскемен, Екібастұз және Шымкент қалаларында ашылады.




Яндекс.Метрика