Қалыптасқан Қазақстан

Қазақстанның алтын қоры жан басына шаққанда 12 мың долларға жетті

Қазақстанның алтын қоры жан басына шаққанда 7 еседен аса көбейіп, 12 мың АҚШ долларына жетті. Бұл туралы Нұрсұлтан Назарбаев Астанада ҚР Тәуелсіздігінің 21 жылдығына орай өткен салтанатты жиын барысында сөз сөйлеген кезде мәлімдеді.
Казахстан06 Тамыз , 00:00

«Соңғы 15 жылда экономикамызға 160 миллиард доллар көлемінде шетелдік инвестиция салынды. Ұлттық қордағы қаржыны қоса есептегенде, елдің алтын-валюта қоры жалпы ішкі өніміміздің 40% астамын немесе 87 миллиардты құрады.

Осыдан 6 жыл бұрын мен бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру жөнінде міндет қойған болатынмын. 2012 жылы Бүкіләлемдік экономикалық форумның бағалауынша, Қазақстан 144 елдің ішінде 51-ші орын алған.

Жалпы экономика көлеміне қарағанда, 2012 жылдың қорытындысы бойынша біз ЖІӨ көлемі бойынша экономикасы дамыған әлемнің ең ірі 50 елінің қатарына кіреміз.

15 жылдың ішінде халық табысының 16 есеге артуына қол жеткіздік, орташа айлық жалақы в 9,3 есеге, зейнетақы төлемдері 10 есеге артты. 2011 жылы денсаулық сақтау саласын қаржыландыруға бөлінген қаржы 631 миллиард теңгені құрады. Ана өлімі үш есеге төмендеп, туу көрсеткіші бір жарым есеге өсті.

Соңғы он бес жылдың ішінде халық саны 14 миллионнан 17 миллионға артып, өмір сүру ұзақтығы 70 жасқа жетті. Осы уақыт ішінде білім беру саласына жұмсалған қаржы 9,5 есеге көбейген. 1997 жылдан бері республика аумағында 942 мектеп, 758 аурухана мен басқа да денсаулық сақтау нысандары салынды. Бұл бұрын- соңды болмаған тарихи жетістік», деп атап көрсетті Қазақстан Президенті.  




Яндекс.Метрика