Білім беру

Астанада 2014 жылы жаңа құрылыс колледжі ашылады

Астанада 2014 жылы жаңа құрылыс колледжін пайдалануға беру жоспарланған.
Астана қаласы30 Сәуір , 17:27

«Астанада техникалық мамандықтардың базасын нығайту үшін  елорда да кәсіби-техникалық колледждердің құрылысы жүруде. Сонымен, Астанада ағымдағы жылы 800 орынға есептелген құрылыс саласы бойынша колледж пайдалануға беріледі. Сонымен қатар, энергетика саласының мамандарын дайындайтын 800 балаға есептелген тағы бір колледждің құрылысы басталады», - деп Астана қаласы әкімдігінен хабарлады.

Айта кетерлік жайт, бүгінгі таңда Астанада техникалық-кәсіби білім беретін  35 мекеме бар. Олардың 12 мемлекеттік, 23 жекеменшік болып табылады және оларда 29 859 білімгер білім алуда. 




Яндекс.Метрика