Өңірлер

Қазақстанда жақын арада жанармай құны көтерілмейді – А.Дүйсебаев

Жақын арада Қазақстанда жанармай бағасы қымбаттамайды. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төраға орынбасары Асылбек Дүйсебаев мәлімдеді.
Астана қаласы30 Сәуір , 17:07

«Жақын арада Қазақстанда жанармай  бағасы қымбаттамайды. Ал дизель отынының бағасын қымбаттату туралы бүгінде агенттік жаңа формуланы қабылдап жатыр. Сол арқылы дизель отыны бағасы есептеліп, мамыр айынан бастап дизель отынының бағасы көтерілетін болады», - дейді төраға орынбасары.

Оның айтуынша, дизель отынының түзетілген бағасы анықталады.

«Жанармай  қоры жайлы мен мәлімет бере алмаймын. Өйткені оған бізде Мұнай және газ министрлігі жауап береді. Алайда бізде мұнайдың әр баррелінің құнын бекітетін формула бар. Осы арқылы бензин бағасына да әсер етеді», - дейді А.Дүйсебаев. 




Яндекс.Метрика