Инновациялық Қазақстан - 2020 мемлекеттік бағдарламасы

Қаржы министрлігі «е-Қаржы министрлігі» жобасын енгізгені үшін марапатталды

SAP форумы аясында «е-Қаржы министрлігі» жобасы «ТМД елдерінің қаржы министрліктері арасында кешенді ірі ақпараттық шешім енгізгені үшін» және «ТМД елдері ішінде алғаш рет мемлекеттік секторда стратегиялық басқару шешімін енгізгені үшін» номинацияларында марапатталды.
Астана қаласы30 Сәуір , 17:18

Халықаралық сарапшылар қазақстанық «е-Қаржы министрлігі»  жобасын енгізудің нәтижесін жоғары бағалады. Жобаның мақсаты ҚР Қаржы министрлігі мемлекеттік қызметін орталықтандырылған автоматтандыру мүмкіндігін барынша арттыру болып табылады, деп хабарлады ведомстводан.

 «Жаңа IT-зерттеулерді, заманауи технологияларды пайдалану Қаржы министрлігінің жұмыс тиімділігін арттырады. Ал, берілген марапаттар – олар біздің тәжірибеміздің халықаралық деңгейде мойындалып жатқанын білдіреді», - деп «ЦЭК»ЖШС бас директоры  Е. Теремов ағынан жарылды.

Айта кетерлік жайт, «е-Қаржы министрлігі» жобасының нәтижесі  аталмыш форумның екі панельді сессиясында ұсынылды.

Естеріңізге сала кетейік, форум шеңберінде түрлі индустрия мен бизнестің функционалды бағыттары үшін инновациялық шешімдерге арналған панельді сессиялар өтті. Бұдан басқа, жоғары технологиялы ІТ зерттеулер ұсынылған көрме өтті. 




Яндекс.Метрика