«Автосақтандыру тәртіптерінде айтарлықтай өзгешеліктер бар. Бүгінде қазақстандық автокөліктердің Ресей аумағына кіретін кезінде қосымша тағы 7 мың теңге төлеп, ал ресейлік көлік қазақстанға кіргенде 900 теңге төлеуі міндеттелген. Басты ерекшелік нормативті құжаттарда», - дейді Ғ.Оразбақов.
Оның хабарлауынша, Бәсекелестікті қорғау агенттігі ресми орган ретінде Ұлттық банкке бұл мәселені шешу үшін өтініш білдірді.
«Сол себепті банк бұл мәселені Қаржы қауымдастығымен қарастыруда. Енді ресми түрде теңестіру үшін Еуразиялық экономикалық комиссияға ұсынамыз. Менің ойымша, клесі жыл бұл мәселе шын мәнінде шешімін табатын болады», - деп Г. Оразбақов мәлім етті.