Евразиялық одақ

Ақтөбе облысының инвестжобасы КО мелекеттеріне экспорт көлемін айтарлықтай көбейтеді - Н.Әбдібеков

Ақтөбе облысының жаңа инвестициялық жобасы өңдеу өнеркәсібі саласындағы дайын өнімнің экспортын арттырады. Бұл туралы бүгін ОКҚ өткен брифингте Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Нұрмұхамбет Әбдібеков мәлім етті.
Ақтөбе30 Сәуір , 16:52

«Интеграциялық процестердің және басқада игі шаралардың арқасында облысымызда өңдеу өнеркәсібі саласындағы дайын өнімнің экспорты артады»,  -  деп Н. Әбдібеков атап өтті.

Қазіргі таңда Ақтөбе облысында «Рельсті балка зауыты құрылысы» жобасы секілді ірі инвестициялық жоба іске асырылып жатыр.

«Бұл жобаға интеграциялық процестер призмасы арқылы қарайтын болсақ, біріншіден,бұл зауытта өндірілетін өнім сұранысқа ие. Атап айтар болсақ ол ұзындығы 120 метр болатын темір жол рельсі. Олардың ерекшеліктері сонда, олар суыққа төзімді, жылу сақтағыш және темір жол магистралінің жүк ағымы жоғары және жылдамдығы жоғары жерлердегі құрылысқа қажетті», - дейді облыс әкімінің бірінші орынбасары.

Қазіргі кезеңде, оның айтуынша, алдымен Ақтөбе зауытына келіп түсіп, кейіннен өңделіп, Ресей Федерациясына қайта экспортталатын металлургия зауытында Ресей өнімдерін пайдалану жоспарланып отыр.




Яндекс.Метрика