Евразиялық одақ

Еуразиялық одақ туралы келісім шартта тарифтерді қолдану қарастырылмаған – А. Дүйсебаев

Еуразиялық одақ туралы келісім шартта тарифтерді қолдану қарастырылмаған. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз отырысында табиғи монополиялар агенттігі төрағасының орынбасары Асылбек Дүйсебаев мәлімдеді.
Астана қаласы30 Сәуір , 16:21

«Ерекше тарифтер, осы немесе өзге елдерде қолданылатын  кәсіпкерлерге арналған  жеңілдіктер  біздің 3 елге арналған ескі проблема. 2010 жылы біз 2013 жылдың қаңтар айынан бастап КО елдерінде тарифтер қолданылу туралы келісімге қол қойған болатынбыз. Яғни, тауар өндірушілерге жеңілдіктер болады», - деді А. Дүйсебаев. 

Оның айтуынша, РФ заңнамасында айрықша тарифтер бекітілсе,  қазақстандық заңнамада мұндай жеңілдіктер қарастырылмаған. 

«Алайда біз Беларусиямен бірлесіп заңнамаға өзгеріс енгіземіз деп келіскен болатынбыз. Осылайша тауарөндірушілерге жеңілдік берілетін болады. Алайда біз осы салада тағы бір мәселемен бетпе-бет келдік. Біздің бидай өндірушілеріміз өздерінің тауарын сауда корпорациясына өткізеді. Ал, олар өз кезегінде тауарды саудаға шығарады. Ал, осы коропарациялар тауарөндірушілер болмағандықтан оларға жеңілдіктер берілмейді ",- деп  Асылбек Дүйсебаев түсіндіріп өтті. 

Сонымен қатар ол, келісімнің екінші мәселесі өтінішті қарастыру мерзімінің тым ұзақ болуы, деп атап өтті.

«Біздің тауар өндірушілер ТМРА-ға өтініш беріп, біз оны қарауымыз керек еді. Егер олар сай келетін болса, біз аталмыш құжаттарды Мәскеуге жөнелтеміз. Кейін Мәскеудегі алқа отырысы арқылы тарифтің берілер-берілмесі жайлы шешім қабылданады. Сонымен қатар,  бюджеттен субсидия алмайтындарға аталмыш жеңілдіктер қарастырылмайды. Өздеріңізге де белгілі, ауыл шаруашылығы мемлекеттен белсенді түрде субсидия алып, осы арқылы олар жеңілдікке ие болады», - дейді А.Дүйсебав.

ҚТЖ мен РТЖ табысынан бюджетке түсетін аталмыш тарифтер бюджеттен алынып немесе инвестициялық бағдарламаларды қысқартуы қолға алуы керек. Бұған біз өзіміз қол жеткізе алмадық. Енді еуразиялық одақ туралы келісімде тариф қарастырылмай, алайда біз өзіміздің жеңілдіктерімізді қолдану құқығымызға ие болып, ішкі Ұлттық деңгейде мұны өзгеріссіз қалдырдық», - дейді Асылбек Дүйсебаев.




Яндекс.Метрика