Евразиялық одақ

ЕЭК аясында трансшекаралық нарықтың сараптамасын өткізу қарастырылуда – С.Оразбақов (Брифинг бейнебаяны)

Еуразиялық экономикалық кеңістігі аясында монополияға қарсы реттеудің бірыңғай ережелерін қабылдаумен қатар трансшекаралық нарықтың сараптамасын өткізу де қарастырылуда. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Бәсекелстікті қорғау агенттігінің төрағасы Ғалым Оразбақов мәлімдеді.
Астана қаласы 30 Сәуір, 16:11

«Монополияға қарсы органдардың өзара қатынасы мен Еуразиялық экономикалық комиссияның тиімділігінің бір мысалы Еуропа одағымен баламалы ЕЭК  елдерінде роумингті нөлге теңестіру мен кезең-кезеңімен төмендету мәселесін бірігіп дайындау болып табылады», - дейді Ғ.Оразбақов.  

Оның айутынша, аталмыш шара жұмыс күшінің, кәсіпкерліктің ЕЭК  аумағында еркін орын алмасуын жеңілдетіп, телекоммуникациялық желілерді дамытуға жол ашады. 

«Бұл көрсеткіш барлық тұтынушылар мен біздің әрқайсысымыз үшін айтарлықтай сезілетін болады. Сонымен қатар, өзгеде зерттеулердің нәтижесі көңілімізден шығып, бизнестің және өзіміздің өмірімізді жеңілдетедін болады»,  - деп Г. Оразбаков атап өтті.

Соымен қатар ол, қолайлы бәсекелестік орта бизнестік бәсекелестік деңгейіне тікелей әсер ететін болады, деп баса айтты. 

«Ол үшін мемлекет қажетті шараларды қабылдады. Бизнес дамып және одан ары жұмыс істей алады. Сонымен қатар интеграциялық бірлестіктің нарығындада кәсібінін тасын өрге домалатуына жағдай жасалған. Тек, оған деген талпынысы болса болғаны», - деп ол өз ойын қорытты.





Яндекс.Метрика