Энерготиімділік

Астанада «жасыл» құрылыс бойынша студенттерге семинар өтті

«Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қорында техникалық және кәсіби білім беретін оқу мекемелерімен жасалған Әлеуметтік әріптестік туралы меморандумдар шеңберінде кәсіби техникалық училищелердің студенттеріне арналған «Қазақстанда жасыл құрылысты дамыту» атты тақырыпта семинар өтті.
Астана қаласы30 Сәуір , 15:17

Іс-шараға Астана қаласының Политехникалық колледжінің және «Туран-Профи» халықаралық кәсіби академиясының студенттері қатысты. Іс-шараға KazGBC Қазақстандағы Жасыл Құрылыс жөніндегі кеңеспен және «ЭкоДом» консорциумымен бірлесіп, «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ бастамашылық етті.   

Семинарды «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ Инновациялық даму және қазақстандық қамту департаментінің директоры Мархаббат Балғабай жүргізді. Семинардың бағдарламасында бірнеше қызықты блоктар болды, ал семинардың өзі интерактивті нысанда өтті.

«Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қорының еншілес ұйымы «СҚ Девелопмент» ЖШС өкілдері студенттердің назарына жасыл орам жобасын ұсынды, бұл LEED «жасыл» құрылыстың халықаралық стандарттары бойынша сертификатталатын қазақстандағы алғашқы әкімшілік-тұрғын үй кешені.

Қазақстан Республикасының Президенті бастамашылық еткен бұл объект алдағы ЭКСПО-2017 көрмесі шеңберінде салынады. Оқушыларға жасыл орам құрылысы кезінде қолданылатын бірқатар экологиялық және энергиялық тиімді технологиялар туралы айтылды.

«ЭкоДом консорциумының жетекшісі Болат Қасымов экоүй-зертхана үлгі жобасы туралы әңгімеледі, бұл жоба жаңа энергетика ғылыми-зерттеу институтын құруға қатысты Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен өткен ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысының хаттамасын орындау шеңберінде жоспарланған болатын. Үлгі объектіні құру кезінде қолдануға жоспарланған энергетика саласындағы, энергиялық тиімді және экологиялық үй құрылысы саласындағы инновациялық технологиялар таныстырылды.

Студенттердің семинарға белсенді қатысқанын атап өту қажет, олар көптеген қызықты сұрақтар қойып, Қазақстанда жасыл құрылысты дамыту жөнінде өз ұсыныстарын жасады.

 




Яндекс.Метрика