Өңірлер

Астанада 2014 жылы 111 аула абаттандырылады - әкімдік

Астанада Елбасы Н.Назарбаевтың тапсырмасымен төртінші жыл қатарынан аулаларды абаттандыру бойынша қалалық бағдарлама жүзеге асырылуда.
Астана қаласы30 Сәуір , 15:02

Осы уақытқа дейін Астанада 729 аула күрделі жөндеуден өтсе, өткен жылы 408 қалпына келтірілді.  Аулаларда жөндеу жұмыстары барысында жолдар асфальттанып, сәнді қоршаулар қойылуда. Сонымен қатар, ернеу тастары ауыстырылып,  аяжолға тастар төселуде.

Сондай-ақ, тас төсеуіштерді алмастыру, орындық пен урналарды сырлау мен жөндеу, бордюр мен жол-тротуар плиткаларын монтаждаудың жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.

«Аула жағдайы  элементінің уақыт өткен сайын ескіріп, жөндеу қажеттілігінің артуын ескерсек, аталмыш қала бағдарламасының берері мол. Биыл тағы 111 ауланы кешенді абаттандыру жұмыстары жоспарлануда», - делінген хабарламада.




Яндекс.Метрика