«Бізде қылмыс көбейді деп айта алмаймыз. Аса ауыр қылмыс саны азайды, кейбір қылмыс түрі бойынша қылмысты ашу деңгейі жақсарды. Бірақ, ұсақ қылмыс саны екі есеге ұлғайды», - деп мәлімдеді Ерлан Тұрғұмбаев.
Алматы қаласы ішкі істер департаментінің бастығы, полицияның генерал-майорының айтуынша, ұсақ қылмыстарға ұрлық пен бұзақылық жатады.
«Бұзақылық саны 2 мыңнан 4 мыңға дейін ұлғайса, ұрлық деңгейі екі есеге өсті», - деп түсіндірді Е.Тұрғұмбаев.