Ұлтаралық бірлік

Жастар Қазақстан халқының бірлігін нығайтуға мүдделі – Б. Байбек

Астанада «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек және Қазақстан халықтары Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Ералы Тоғжановтың қатысуымен «Бірлік пен келісім: қазақстандық бірегей жол» деген тақырыпта «Жас Отан» жастар қанатының «Еркін пікір» пікірталас клубының отырысы өтті.
Астана қаласы 30 Сәуір, 14:11

Кездесуге қатысушылар достық пен этникааралық келісімді сақтаудағы бүгінгі заманғы жастардың алатын орнын талқылады, деп «Нұр Отан» партиясының ресми порталы хабарлады. 

«Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан бейбітшілік пен тұрақтылықтың арқасында мемлекеттің дамуындағы маңызды табыстарға қол жеткізді. Ендеше этникааралық келісім мен Қазақстан халқының бірлігін нығайту жастардың  болашақтағы борышы болуға тиіс Осындай кездесулер бейресми жағдайда жастармен араласып, тәжірибе алмасуға мүмкіндік туғызады», - деп атап өтті «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек.  

«Нұр Отан» партиясы Қазақстан халықтары Ассамблеясымен қарым-қатынасын нығайтып келеді. Мысалы, 2013 жылдың сәуірінде «Нұр Отан» партиясы мен ҚХА арасында өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандум жасалды. Үстіміздегі жылы «Нұр Отан» партиясы Орталық Аппараты мен Қазақстан халықтары Ассамблеясының хатшылығы 2014 жылға арналған 24 бөлімнен тұратын ортақ жобаны қабылдады. 

 Этникааралық келісім мен бірлікті нығайту Қазақстанның мемлекеттік саясатында ерекше орын алады. Елде 100 -ден астам этностың өкілдері өмір сүреді, Қазақстан халықтары Ассамблеясы жұмыс істейді, оның міндеті  - ішкісаяси тұрақтылықты нығайту, Қазақстанда өмір сүретін ұлттық мәдениеттерді, тілді, этностардың дәстүрін жан-жақты дамыту.

 





Яндекс.Метрика