2050 Стратегиясы– жастар буынының бағыты

ММУ ҚБ түлектерінің 100 пайызға жуығы Қазақстанда жұмыс істейді – С.Аязбекова (ВИДЕО)

ММУ ҚБ түлектерінің 100 пайызға дерлігі Қазақстанда жұмыс істейді, деп мәлімеді бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде М.В.Ломоносов атындаы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстандық бөлімшесінің директоры орынбасары Сабина Аязбекова.
Астана қаласы 30 Сәуір, 13:45

«Түлектеріміздің 100 пайызға дерлігі Қазақстанда жұмыс істейді, соның тең жартысы мемлекеттік қызметте еңбек етеді. Атап айтар болсақ, олар Президент Әкімшілігінде, Премьер-Министрдің канцеляриясында және өзге де мемлекеттік органдарда қызмет етуде. Бізде  түлектердің ерекшелігі сонда, олар аз ғана уақыт ішінде өте ірі жобаларды шұғыл іске асырып, барынша креативті қызмет етеді», - дейді С.Аязбекова.

Сонымен қатар,  ол ММУ ҚБ студенттерінің ұлттық компанияларында да қызмет етіп жатқанын еске алды.

«Олар негізінен жаңа интонациялық жобаларды іске асыратын жерлерде сұранысқа ие», - дейді ол.

Оның айтуынша, ММУ қазақстандық бөлімшесінде 5 бағытта білім беріледі: математика, қолданбалы математика, экология мен табиғи ресурстар, экономика и филология. 

«Бізді білім беретін осы негізгі бағыттарымыз, қарап тұрсақ, біздің мемлекеттің басымылық берген салаларымен үндеседі екен. Осы тұрғыа біздің түлектер де мемлекет пен қоғамның қызу еңбегіне тез араласып, өз қызметтерінде көзге түсіп, бізден алған білімдерінің арқасында жұмыс істеп жатқан мекемелері мен ұйымдаырна үлкен үлес қосуда», - дейді ол.

Естеріңізге сала кетейік, биылғы жылдың 28 сәуірінде ҚР Президенті Н.Назарбаев М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде еуразиялық интеграция жайлы  дәріс оқыды. 

Камила Амирова, Бауыржан Мұқанов 





Яндекс.Метрика