Евразиялық одақ

С.Аязбекова: ММУ қазақстандық бөлімшесі – еуразиялық интеграцияның іске асқан жобасы (ВИДЕО)

ММУ Қазақстандық бөлімшесі – еуразиялық интеграцияның іске асқан жобасы, деп мәлімеді бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде М.В.Ломоносов атындаы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстандық бөлімшесі директорының орынбасары Сабина Аязбекова.
Астана қаласы 30 Сәуір, 13:28

«ММУ ҚБ студенттері қазақ тілін, мәдениеті мен әдебиетін жоғары деңгейде игеріп жатыр. Бұл Қазақстанның өзге де ЖОО-да іске асырылуда. Тек бізде ғана «Еуразиялық мәдениет» пәні оқытылады. Оның аясында еуразиялық интеграцияға қатысты барлық   мәселелерді зерттеу мен талқылау жұмыстары жүргізіледі. Тек біздің студенттер ғана еуразиялық интеграция тақырыбында ғылыми жұмыстар дайындап, осы тақырыпты зерттейді. Бұл біздің оқыту әдісіміз, Мемлекет басшысы біздің оқу орнына жоғары баға беріп, Еуразиялық ұғымын іске асырып жатқанымызды ескереді», - дейді С.Аязбекова.

Оның айтуынша, қазақстандық бөлімше студенттері интеграциялық байланыстарды дамытуда үлкен жауапкершілікке ие.

«Студенттер Қазақстанда еңбек етуді көздейді. Осы орайда олар барлық Қазақстанның стратегиялық дамуы мен интеграциялық байланысын дамытуға үлес қоспақ», - дейді ол.

Жалпы, оның мәліметінше, ММУ-де 40 мың шәкірт, 10 мыңдай оқытушы мен ғылыми қызметкер бар. Солардың ішінде 8 мыңы ғылым докторлары мен кандидаттары, 18-і Нобель сыйлығы иегерлері.

«Бұл мәліметтер екі жақты ғылыми байланысты дамытуда университет  әлеуетінің жететініне дәлел бола алады», - дейді. 

Айта кетейік, 28 сәуір күні Мемлекет басшысы Н. Назарбаев Ломоносов атындағы ММУ-де еуразиялық интеграция туралы дәріс оқыған болатын.

Камила Амирова, Бауыржан Мұқанов





Яндекс.Метрика