Евразиялық одақ

Білім беру және мәдениет мәселесі - Еуразиялық экономикалық одақ құрудың алғы шарты – С.Аязбекова

Білім беру және мәдениет мәселесі Еуразиялық экономикалық одағын құрудың алғы шарты, деп мәлімдеді бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде М.В.Ломоносов атындаы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстандық бөлімшесі директорының орынбасары Сабина Аязбекова.
Астана қаласы30 Сәуір , 12:44

«Бүгінде біз барлығымыз жаңа тарихи кезеңнің құрылуы мен жаңа интеграциялық бірлестік құрудың куәгері болып отырмыз. 20 жыл бұрын Мемелекет басшысы Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы идеяны көтерді. Одақтың экономикалық мақсатта құрылатынына қарамастан, Мемлекет басшысы экономикалық одақ құру аясындағы бірқатар кешенді мәселелерді айтады», - дейді С.Аязбекова.

Оның айтуынша, білім беру және мәдениет мәселесі Еуразиялық экономикалық одағын құрудың алғы шарты болып табылады. Ол өз кезегінде әлеуметтік-мәдени сипатта ЕЭО құруға бастама болмақ.

«Ғылым, оқыту мен мәдениет одақ құрудағы бастапқы және соңғы шара болып табылады. Мемлекет басшысының екі лекциясынан көретініміз, екі  кезеңінің бірінде мемлекеттер бөлінуге одан кейін қайта интеграциялануға бағыт алған.  Біз жаңа тарихи кезеңнің құрылуы мен жаңа интеграциялық бірлестік құрдуың куәгері болып отырмыз. Н.Назарбаев бүгінгі таңда қос  тарихи парадигманы үндестіріп отыр», - дейді ММУ ҚБ директоры орынбасары. 

Бұдан басқа, Мемлекет басшысы тәуелсіздік мәселелеріне ерекше назар аударған. 

«Бұл тек экономика саласына ғана қатысты емес, ол елдердің менталитетіне, саяси қарым-қатынас саласына, мемлекеттің құралдарына да байланысты.  Мемлекет басшысы өз бойынына тарихи бірігі және жаңандық кеңістік миссиясын ала алды», - деп есептейді М.В.Ломоносов ММУ ҚФ директорының орынбасары. 

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 28 сәуірінде ҚР Президенті Н.А.Назарбаев Мәскеудің мемлекеттік университетінде еуразиялық интеграцияға арналған дәрісін оқыды. 




Яндекс.Метрика