Ұлтаралық бірлік

Көкшетауда 1 Мамыр күні халықтық бұйымдардың көрмесі өтеді

«Тәуелсіздік» алаңында 1 Мамыр күні Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесіне орай «Мақсаттың бірлігі - рухани үндестік» атты достық фестифалін өткізу жоспарланған.
Астана қаласы30 Сәуір , 12:24

Алаңда 16 шатыр қойылады. Онда Ақмола облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының сәндік халықтық-қолданбалы өнер шеберлерінің көрмесі өткізіледі, деп облыстық әкімдіктен хабарлады.

Бұдан басқа, этноауылды ұйымдастыру көзделуде. Әр этноүйде әр этностың салт-дәстүрі, ұлттық аз мәзірі, мәдениеті мен ұлттық қол өнер туындылары қойылады. Сонымен қатар, фестиваль аясында Ақмола облысы ҚХА белсенділері марапатталатын болады.

Сондай-ақ, өңірдегі этномәдени бірлестіктерді қатысуымен мерекелік концерт жоспарланған. Қала тұрғындары үшін арнайы мерекелік жәрмеңке де өткізіледі.




Яндекс.Метрика