Үкімет

Мәжіліс бюджет заңнамасына енген түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады

Бүгін ҚР Парламент Мәжілісінде бірінші оқылымда бюджет заңнамасына енген түзетулер мақұлданды, деп Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде хабарлады.
Астана қаласы30 Сәуір , 12:07

«Заң жобасы Жаңа бюджет саясатының тұжырымдамасын, мемлекеттік жоспарлау жүйесін жетілдіру тұжырымдамасын және Мемлекет басшысының жекелеген тапсырмаларын іске асыру мақсатында әзірленді,- мәлімдеді экономика министрі Ерболат Досаев.

Бюджетті атқарудың икемділігін арттыру мақсатында Үкіметтің шешімі бойынша бюджетті түзету арқылы 5 %-дан аспайтын көлемде республикалық бюджет комиссиясында қараусыз, 5 %-дан 10 %-ға дейінгі көлемде республикалық бюджет комиссиясында қарау арқылы бір орталық мемлекеттік органның бюджеттік даму бағдарламалары арасында қаражатты қайта бөлу мүмкіндігі көзделген.

Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев бұл нысаналы даму трансферттерін іске асырудың тиімділігін арттыруға және ілгерілетіп іске асырылатын жобаларға қаражатты жедел аударуға мүмкіндік беретіндігі жөнінде түсіндіріп өтті.

 Сонымен қоса дербестік берумен әкімдердің нысаналы трансферттер бойынша нәтижелерге қол жеткізбегені үшін жауапкершілігі, оның ішінде бюджет қаражаты толық игерілген жағдайдағы жауапкершілігі енгізілетіндігін айтты.

Оған қоса, жергілікті деңгейде мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын одан әрі оңтайландыру шеңберінде олардың көрсеткіштерін облыстың әлеуметтік-экономикалық даму болжамына интеграциялай отырып, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) әлеуметтік-экономикалық даму болжамдарын әзірлеу жойылады.

Мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігінің толықтығын қамтамасыз ету мақсатында жер қойнауын пайдаланушылардың өңірді әлеуметтік-экономикалық дамытуға және оның инфрақұрылымын дамытуға арналған аударымдарын облыстардың, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің салықтық емес түсімдерінде көрсету.

«Жалпы заң жобасын қабылдау игерілмеген қаражаттың көлемін қысқартуға, жергілікті деңгейде бюджеттің атқарылуын жеңілдетуге және жалпы бюджеттік қаражатты әрі қарай тиімді пайдалануды арттыруға ықпал етеді», - деп қорытындылады Ерболат Досаев.

 




Яндекс.Метрика