Ғылым мен бизнестің кооперациясы

ИЖТМ бірлескен ғылым және бизнес жобаларына арналған жаңа грант түрлерін әзірлеп жатыр

Индустрия министрлігі ғылыми-зерттеу жобаларын тәжірибелік тұрғыдан іске асыруға арналған жаңа грант түрін әзірлеп жатыр, деп мәлімдеді Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Бақытжан Жақсалиев Білім және ғылым министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында.
Казахстан22 Тамыз , 00:00

Бүгінгі таңда мемлекет зерттеулерге қаржы бөлсе, кәсіпкерлік саласы ғылыми ұсыныстарды қарауға дайын. Сондықтан, жобаларды іске асыру үшін бірлесіп жұмыс істеу механизмдерін әзірлеуіміз қажет. Қазіргі кезде мақсатты технологиялық бағдарламаларға жаңа грант түрін құру мәселесі пысықталып жатыр. Оның пилоттық жобасы 2014 жылы іске қосу жоспарланған.

Оның айтуынша, мақсатты технологиялық бағдарламалар - ғылым мен бизнестің өзара іс-қимылының жаңа механизмі, ол МЖС қағидасы бойынша іске асырылады.

«Ғылым бизнестен тәжірибе жүргізетін полигон мен жабдықтар алады, бизнес - өз өндірісінде жұмыс істейтін ғылыммен үздіксіз байланыста болады және қаржылай тәуекелдердің бір бөлігін мойнына алады, ал мемлекет жеке технологиялары мен кадрларын дайындайды», - дейді Б.Жақсалиев.




Яндекс.Метрика