Көліктік-логистикалық жүйенің дамуы

Ақтау порты арқылы Иран бағытына өткен метал мен астық экспорты бір жылда 20%-ға артты

2014 жылдың бірінші маусымы бойынша Иранға метал мен астық экспорты 272 мың және 221 мың тоннаға жетті. Бұл өткен жылдың осы уақытымен салыстырғана 20%-ға артық.
Казахстан30 Сәуір , 13:58

Есептік кезең бойынша жалпы Ақтау порты арқылы тасымал көлемі 2,8 млн тоннаға жетті, деп хабарлайды ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде.

Естеріңізге сала кетейік, Ақтау портын солтүстік бағытта кеңейту аясында мемлекеттік-жеке меншік әріптестік негізінде 3 құрлық терминалын салу үшін шетелдік инвестиция тарту жұмыстары жүргізілуде.

Көлік және коммуникация министрлігі снгапурлық IPD компаниясымен бірлесіп өзара түсіністік меморандумын құрып, меншік келісіміне қол қойды.

Айта кету керек, қазіргі таңда Ақтау портының Каспий жүк айналымындағы үлесі 30% құрайды. Жоспар бойынша, теңіз портының өткізу мүмкіндігін арттыру нәтижесінде жүк айналымы көлемін жылына 20,5 млн тоннаға дейін жеткізілмек. Бұл жоба енді 2015 жылы аяқталады деп отыр. 




Яндекс.Метрика