Халықаралық интеграция

ЕЭО делегациясы Халықаралық бәсекелестік желісі конференциясына қатысты

Марракеше (Марокко) Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу алқа мүшесі (министр) Нұрлан Алдабергенов бастаған ЕЭО делегациясы жыл сайынғы Халықаралық бәсекелестік желісі-2014 конференциясына қатысты.
Әлемде30 Сәуір , 11:41

Шараға Еуропа, Азия, Африка, Австралия мен Америка елдерінің бәсекелестік ведомстволары жетекшілері, ғылым өкілдері, кеңес беру және халықаралық үкіметтік емес ұйым мүшелері қатысты, деп хабарлайды Еуразиялық экономикалық комиссияның ресми порталы.

Конференция аясында шынайы бәсекелестік, бәсекелестік заңнамасы аясындағы мемлекеттік кәсіпкерліктер, картельмен күрес және өзге де мәселелер талқыланды. Бәсекелестік ведомстволары басшылары мен бәсекелестік құқығы саласы сарапшылары өз сөздерінде бәсекелестік ведомство  жұмысында шынайы бәсекелестіктің маңыздылығын ерекше атап өтті. 

Конференцияға қатысушылар бекітілген талаптар мен тыйымдарды, тиімді бәсекелестік туралы ақпараттарды, бәсекелестік туралы заңдылықтарды бұзғаны үшін санкцияны ұлттық және халықаралық деңгейде диалог құру арқылы таныстырудың тиімділігін атап өтті.

Сонымен қатар, қатысушылар, нарықтарды ырықтандыру,  монополияландырылған мемлекеттік кәсіпорындарды, тауар мен қызметтің сапасын арттыруға септігін тигізеді эәне олардың құқын айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік береді.




Яндекс.Метрика