Ұлтаралық бірлік

Астанада 1 мамыр күні ұлттық тағамдар жәрмеңкесі өтеді

«Қазақ елі» монументінің алдындағы алаңда Қазақстан халқының бірлігі күнін мерекелеу барысында ұлттық тағамдар жәрмеңкесі өтеді.
Астана қаласы30 Сәуір , 13:17

Елордада тұратын 15 ұлыс өкілдері өздерінің ұлттық тағамдарын көпшілікке ұсынатын болады.

Бұл күні алаңға келген қала тұрғындары мен қонақтарға «Кореан Хаус» және «Жібек жолы» мейрамханалары ас әзірлейді.

Бұдан басқа, еліміздің түкпір-түкпірінен, ТМД және Германиядан, Үндістаннан, Қытайдан келген шығармашылық ұжымдардың 700 астам әртісінің қатысуымен концерт ұйымдастырылады, қолданбалы өнер мен бұйымдар көрмесі өтеді.

Астана әкімдігінің ақпаратынша, сондай-ақ, арқан тарту, армрестлинг, гір көтеру, тоғызқұмалақ және т.б. спорт түрлері бойынша сайыстар өткізілетін алаңдар орнатылады.

 

 




Яндекс.Метрика