Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

Жапония елшісіне жемқорлықпен күрестің қазақстандық тәжірибесі таныстырылды

Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттіктің төрағасы (қаржы полициясы) Р.Т. Түсіпбековтың Жапония Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Камохара Масаёсимен кездесуі өтті.
Астана қаласы30 Сәуір , 10:39

Кездесу барысында тәжiрибе алмасу мен екі жақты ынтымақтастық туралы сұрақтар қарастырылып, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі тәжерибесінің тұсаукесері өткiзілді, деп сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінде хабарлады.

Кездесу аяғында екі жақ сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл саласындағы жетістіктері туралы ынтымақтастықты дамытып, бекітуге қызығушылық білдірді.

 




Яндекс.Метрика