EXPO-2017

Астанада ЭСКПО-2017 көрмесін өткізуде кәсіпкерлікті тарту әдістері талқыланды

Өңірлік даму министрінің орынбасары Серік Жұманғариннің төрағалығымен «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін ұйымдастыру үшін кәсіпкерліктерді тарту бойынша алғашқы отырысы өтті.
Астана қаласы30 Сәуір , 10:31

Шараға Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі, Экономика және бюджеттік  жоспарлау министрлігі, Мәдениет министрлігі, Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, «Даму» КҚҚ» АҚ, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен «ЭКСПО-2017» дирекциясы» ЖШС өкілдері қатысты.

Өңірлік даму министрлігінің хабарлауынша, аталмыш мәселе бойынша жиын нәтижесінде халықаралық көрмені ұйымдастыру үшін берілетін  ШОБ нысандарының тауары мен қызметі сапасын арттыруды жеңілдететін  елдегі кәсіпкрліктің дамуының жан-жақты жұмыс жоспары дайындалады. 




Яндекс.Метрика