Өңірлер

АДБ қазақстандық бизнесті қолдау үшін 150 миллион доллар бөледі

Қазақстан Үкіметі шағын және орта бизнесті қолдау үшін АДБ-нен екінші транш аясында мемлекеттік кепілдік беруді мақұлдады.
Астана қаласы30 Сәуір , 10:17

Қарыз көлемі, 22,5 миллиард теңгені құрайды, енді барлық мемлекетішілік келісім үрдістері неғұрлым жылдам бітсе, тиісті қаржыға ағымдағы жылы қол жеткізуге болады, деп ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінен хабарлады.

«Мұндай қарыз алу тәжірибесі Қазақстан үшін жаңалық емес.  Айталық, мемлекет пен АДБ арасындағы шағын және орта бизнесті қолдау бағдарламасына сәйкес, осындай 150 миллион долларға тең қарыз 2011-жылы алынған болатын және «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры арқылы үш коммерциялық банктерге орналастырылып, еліміздің экономикасы үшін қарқынды жұмыс атқарып келеді», - делінген хабарламада.

Дәлірек айтсақ,  2013-жылды соңында қатысушы-банктерге  32 334,97 миллион теңге көлемінде қаржы бөлініп, екі мыңға жуық жұмыс орны ашылған. Қарыздың басым бөлігі Алматы және Астана қалаларынан тысқары жерлерге берілді.

Айта кетерлік жайт, Қазақстан Үкіметі жеке кәсіпкерліккке айтарлықтай қолдау көрсетуде. Сонымен,  «Бизнестік жол картасы - 2020» бағдарламасы жасақталып, бүгінде оған деген сұраныс күн санап артып келеді.  Мембағдарламасы аясында кәсіпкерлер  субсидиялау, екінші деңгейлі банктер арқылы несиелеу,  жаңа бизнес идеяларды алу үшін кепілдік беру, шетелде тәжірибеден өту, жүйелік қолдау мен мамандандырылған консалтинг сияқты қолдау көрсету құралдарына қол жеткізді.

 




Яндекс.Метрика