Евразиялық одақ

АЭФ аясында Н. Назарбаевтың еуразиялық жоба туралы кітабының тұсаукесері өтеді

«Н. Назарбаевтың өмірде жүзеге асқан еуразиялық жобасы. 1994-2014 еуразиялық жобаның 20 жылдығына орай» кітабының тұсаукесері АЭФ аясында өтеді.
Астана қаласы30 Сәуір , 10:04

Басылымның авторы - атақты қазақстандық саясаткер және дипломат, ЕурАзЭҚ Бас хатшысы, экономика ғылымдарының докторы Тайыр Мансұров.

1994-2014 еуразиялық жобаның 20 жылдығына орай» кітабының тұсаукесері өтеді. Кітапта құжаттық негізде 1994 ж. наурызында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен М.В. Ломоносов ат. ММУ сөйлеген сөзі барысында ұсынылған «Мемлекеттердің Еуразиялық Одағын құру туралы жобасын» іске асыру мәселесі жан-жақты қаралады.

«Тайыр Мансұров посткеңестік елдердің алдында жаңа мүмкіндіктер мен кемел келешекті ашатын тиімді экономикалық және әлеуметтік дамудың өзекті құралы ретінде еуразиялық жобаның тарихи рөлін жүйелі түрде талдап көрсеткен. Басылым қалың оқырманға, ға¬лым¬дар¬ға, мемлекеттік басқару мен халық-аралық қатынастар саласының мамандарына, қазіргі заманғы тарихпен айналысатын оқырмандарға арналған», - делінген хабарламада.

Кітапта еуразияшылдық философиясының мәселелері көрініс тауып, Н.Ә.Назарбаевтың осы жаһандық жобасының басты аспектілері жан-жақты қарастырылған, посткеңестік мемлекеттердегі экономикалық ықпалдасуының басты кезеңдері сараланды, олар аталмыш жобаның өмірге жолдама алуын айғақтай түседі: Еуразиялық экономикалық кеңістікті, Кедендік Одақты, Бірыңғай экономикалық кеңістікті және кемел келешекте Еуразиялық экономикалық одақты құру.

 

 

 

 




Яндекс.Метрика