Табиғи ресурстарды басқарудың жаңа жүйесі

Қазақстанда «жасыл экономиканың» қағидаттарын енгізу үшін үш негізгі сала белгіленген - ҚОҚМ басшысы Н.Қаппаров

Қазақстанда «жасыл экономиканың» қағидаттарын бірінші кезекте енгізу үшін үш негізгі сала белгіленген, деп хабарлады ҚР қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қаппаров Астанадағы XI Еуразия медиа форумы барысында.
Казахстан25 Сәуір , 00:00
«Жасыл экономиканы» енгізудің басты блоктарының бірі су секторы болып табылады. Қазақстанда бірқатар мәселелер бар, олар ұлғая береді, бәрі су ресурстарының жетіспеушілігімен байланысты», - деді Н.Қаппаров. 

«Уақыт өте келе, біз суға тәуелді елге айналамыз. Бізде  ауыл шаруашылығында да, өнеркәсіпте де су ресурстарының тапшылығы пайда болады, өйткені бұл жетіспеушілікті әртүрлі тәсілдер арқылы жабуға тура келеді», - деп түсіндірді табиғатты қорғау ведомствосының басшысы. 
 
Сонымен қатар, министр қазіргі уақытта ведомство су секторын жетілдіруді қарастыратын 40-тан астам іс-шара қаралып жатқанын айтып кетті.   
 
Одан әрі, Н.Қаппаров, екінші блок - бұл тұрақты ауыл шаруашылық. 
 
«Бізде ауыл шаруашылықтың үлкен индустриясы бар, ол су ресурстарын тиімсіз пайдаланады, сондықтан ауыл шаруашылықты жүргізу «жасыл экономика» қағидаттарына көшіріледі», - деп қосты ол.

Үшінші блок - энергетика және энергия тиімділік, оған қоса ол электрия энергетикасына ерекше көңіл бөлінетінін айтты.  

«Бүгінде энергетикалық қоржынымыз теңгерілмеген, онда 80%-дан астамын көмір генерациясы, ал қалғанын - гидро және газ иеленген. Бұл тұрақсыз және онша жақсы емес үлгі», - деп санайды ҚОҚМ басшысы.

Министрдің айтуынша, 2050 жылға дейінгі Қазақстанның дамуы стратегиясында мақсат белгіленген - елдің электроэнергетикасындағы көмір үлесін 50%-ға дейін төмендету.

Сонымен қатар, Н.Қаппаров егер біз дамудың «жасыл» жолына көшетін болсақ, онда жаңартылмалы энергия көздерін дамыту керектігін басып айтты.



Яндекс.Метрика