Халықаралық интеграция

Николь Брик: Франция үшін Қазақстан – Еуропа мен Азия арасындағы көпір

Францияның сыртқы сауда министрі Николь Бриктің пікірінше Франция үшін Қазақстан - өте маңызды, Еуропа мен Азия арасындағы көпір іспеттес дамушы ел.
Әлемде30 Сәуір , 09:38

«Қазақстан астанасының даму болашағының мықтылығы соншалықты,  тіпті халықаралық көрме бюросының отырысында халықаралық мамандандырылған «ЭКСПО-2017» көрмесін өткізетін орын ретінде таңдалды. Астананың дамуы - біздің елдер арасындағы екі жақты өзара қарым-қатынастардың дамуының болашақ үлгісі»,- деді Францияның сыртқы сауда министрі Николь Брик.

Францияның сыртқы сауда министрі Николь Бриктің пікірінше, Франция үшін Қазақстан - өте маңызды, Еуропа мен Азия арасындағы көпір іспеттес дамушы ел.

VII АЭФ пен II ДҚДК-ға БҰҰ-на мүше мемлекеттерден 10 мыңнан астам делегат қатысады деп жоспарлануда.

Биыл АЭФ алаңында ІІ Дағдарысқа қарсы Дүниежүзілік Конференцияны (ДҚДК) өткізу жоспарлануда.

Дағдарысқа қарсы  Дүниежүзілік Конференция Бреттон-Вудс жүйесінің 70 жылдық мерейтойына орай өткізілетін және БҰҰ үшін Әлемдік дағдарысқа қарсы Жоспар Тұжырымдамасының Жобасын өңдеп, қабылдауға бағытталған басты халықаралық шара. Жалпы дағдарысқа қарсы конференция министрлер, орталық банктер, халықаралық сарапшылар мен БҰҰ-на мүше мемлекеттердің ресми өкілдері деңгейінде өткізіледі. 




Яндекс.Метрика