Халықаралық интеграция

ШҚО мен РФ шекаралық аймақтары ынтымақтастықты нығайтуда

ШҚО Бесқарағай ауданы мен РФ Алтай өлкесі Углы ауданы арасында білім, мәдениет, спорт және экономика саласында алыс-беріс артатын болды.
Шығыс Қазақстан30 Сәуір , 09:18

Бесқарағай ауданының ресми делегациясы Алтай өлкесінің Углы ауданында өткен «Наурыз» аймақтық ұлттық мәдениет фестивалі аясында ұйымдастырылған «Достық гүлтәжі» мерекесіне қатысты. Шекараралық қарым-қатынасты нығайту мақсатында халықтық шығармашылық көрмесі, спорттық жарыстар, достық дастарханы мен гала-концерт өтті, деп ШҚО ақпараттық орталығы хабарлады.    

Фестиваль барысында балалар жасөспірімдер спорт мектептерінің қатысуымен спорттық жарыстар өткізілді.Іс сапар барысында шекаралас аймақтардың екі ауданы өзара алыс-берісті кеңейту жөнінде ұсыныс-тілек білдірісіп, қатынастарын құжатпен бекітті.

Енді Бесқарағай ауданы мен Алтай өлкесінің Углы ауданы білім, мәдениет, спорт және экономика салаларында серіктестік жасау жөніндегі Меморандум аясында интерграциялық байланысты нығайтатын болады.




Яндекс.Метрика