Парламент

Мәжілісмендер астаналық Оқушылар сарайын тамашалады

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің кезекті көшпелі отырысы Мәжілістің Вице-спикері Дариға Назарбаеваның қатысуымен Оқушылар сарайында өтті.
Нұр-Сұлтан30 Сәуір , 09:13

Көшпелі отырыста депутаттар «Қосымша білім беру жүйесінің жағдайы және оның балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық қабілеттерін дамытудағы, мектеп оқушыларына кәсіби бағдар берудегі және олардың бос уақытын ұйымдастырудағы рөлі» деген тақырыпты талдады, деп Мәжілісте хабарлады.

Елбасының Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының білім беру ісін дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасында балалардың қосымша білім беру ұйымдарының балалар мен жастардың жеке басының, әлеуметтік және кәсіби өзінің орнын белгілеудің, олардың бейімділігін, зеректігін және мүдделерін  дамытудың ең басты факторларының бірі ретіндегі маңызды рөлі атап көрсетілген.

Бүгінде қосымша білім беру – бұл артықшылықтары көп білім беру жүйесінің ажырамас бөлігі: зор талап етілуі, баланың өзіндік қасиетіне қарай бағдарлануы, жеке басының қасиетін, мүдделерін және қабілеттерін дамыту.Егер жалпы білім беру ісінде интеллектінің бір түрі – білім жөнінде айтылса, қосымша білім беруде бала интеллектінің түрлі қырларын бағалауға бірегей мүмкіндігіміз бар, яғни бұл дарындық және жан-жақтылық.

Сөз сөйлеушілер Қосымша білім беру жүйесінің жағдайы және оның балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық қабілеттерін дамытудағы, мектеп оқушыларына кәсіби бағдар берудегі және олардың бос уақытын ұйымдастырудағы рөлін атап өтті.

Көшпелі кеңес қорытындылары бойынша қосымша білім беру жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізілді.

 

 




Яндекс.Метрика