Өңірлер

Тәуелсіздік алғаннан бері Дүниежүзілік Банкі Қазақстанға 6,2 млрд АҚШ долларын қарызға берді

Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы және Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімдеріне қол қойылды.
Нұр-Сұлтан30 Сәуір , 09:00

Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі Қазақстан Республикасына ирригациялық және дренаждық жүйелерді жетілдіру жөніндегі жобаның қаржыландыруына 102,9 млн. АҚШ долл. сомасында және сот төрелігінің  секторын нығайту жобаның қаржыландыруына 36 млн. АҚШ долл. сомасында қарыздар береді.

 «Аталған жобалардың жүзеге асырылуы елдің жиі қоныстанған Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс аймақтарындағы трансшекаралық өзен бассейндеріндегі ауыл тұрғындарының әлеуметтік-экономикалық және экологиялық өмір сүру жағдайларын жақсартуға және институционалдық негіздерді нығайтуға және іске асырылып жатқан құқықтық реформаларды қолдауға бағытталған Қазақстанның құқықтық жүйесін әрі қарай жетілдіруді қамтамасыз етуге мүмкіндік жасайды»,- деп Бақыт Сұлтанов атап өтті.

Ирригациялық және дренаждық жүйелерді жетілдіру жөніндегі жобасының екінші фазасы іске асыру қолдағы бар ирригациялық және дренаждық жүйелерді жетілдіру негізінде құрғақшылыққа бейім оңтүстік-шығыс және оңтүстік облыстарда орналасқан трансшекаралық өзендердің бассейндері маңайындағы ауыл халқы тіршілігінің әлеуметтік-экономикалық және экологиялық жағдайларын жақсартуға бағытталған.

 Жобаның мақсаттары мелиоративтік негіз болатын, су және суарудың топырақты қорғау технологияларын ендірумен ауылшаруашылық тауар өндірушілердің ирригациялық және дренаждық жүйелерінің техникалық жағдайы мен пайдалануын қалпына келтіру және жақсартуға бағытталған.

«Сот төрелігінің  секторын институционалдық нығайту» жобасы түйінді ұйымдардың институционалдық мүмкіншіліктерін және операциялық тиімділіктерін жоғарылатуға бағытталған.

 Қарыздар Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкімен жеңілдік кезеңді қоса алғанда ұзақ мерзімге беріледі. Пайыздық мөлшерлеме пайыздың әрбір есептелу кезеңіне LIBOR+құбылмалы спрэдке тең, ол бүгінгі күні 1 пайыздан кем мөлшерді құрайды. Бір жолғы комиссия - 0,25 %-ды құрайды.

Тәуелсіздік алғаннан бері Дүниежүзілік Банкі Қазақстан Республикасына жалпы сомасы 6,2 млрд. АҚШ долларына қарыздар берді, деп Қаржы министрлігінде хабарлады.

 

 




Яндекс.Метрика