Евразиялық одақ

Минскіде Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың ережелері талқыланды

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысына қатысты, деп Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Әлемде30 Сәуір , 07:18

Отырыс кезінде Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың негізгі ережелері қосымша талқыланды, сондай-ақ Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістікке Армения Республикасының қосылуы жөніндегі іс-шаралар жоспарының жүзеге асырылу барысы қаралды.

Қазақстан, Ресей және Беларусь басшылары шартты дайындауда ілгерілеушілік барын айтты, сондай-ақ оны әзірлеуге іскер топтардың белсене қатысқанын атап өтті.

Үш елдің көшбасшылары құжаттардың келісілу үдерісін оң бағалап, мұның мемлекеттер арасында қалыптасқан қарым-қатынастардың жоғары деңгейінің нәтижесі екенін атап өтті.  




Яндекс.Метрика